ВЕРНУТЬСЯ

Жыр жазғам елуімде «Елу» деген!..Сонда бір, қайран жастық, сені іздегем!..Жаратқан, бергеніңе – мың шүкірлік –Әлі де «алжыған шал» дегізбеген!.. Бұйырса, күзде келем – алпысыма,Әзірге көнбей жүрмін «талқысына».Білмеймін, неге мені шұқылайды –Сәл артық жүздің келдім жартысына!.. Қаңтардың биыл тағы сұсы қатты!..Сол «иттің» аздап маған тісі батты...Көшеде талтаң басып жүргізбейтін –Пәлеге тұсаулы аттай ұшыратты!.. Жүрісім - әрі де емес, бері де емес...Аяғым – бұрынғыдай берік емес!..Кеткен бе ағаш болып бұл шіркінің –Асылы Қалбайдікі*, менікі емес!..___________________________________Қалбай* - автордың ақын құрдасы Қалбай Әбдіраманов.Құласам – шамалыда тұра алмаймын...Болмайды асыққанға – тыраңдаймын!..Сондайда – көк аспанды жиі көрем!..Әрине, аспан сырын ұға алмаймын!.. Ақындар жыр жазады аспансырап...Қайтемін артық сөйлеп – астамсырап!..Құс емен, ұшқыш емен – көкте нем бар?..Арман жоқ жалпақ жерде жатсам сұлап!.. Кеттім бе, пәлсапалап сөзді бұрып,Біреулер жатысыма тұр-ау күліп!..«Шалдарға – жастығымда мен де күлгем!..»-Деймін де, үстім қағып кетем тұрып!.. Алпысым – шүкірлігін білдіреді...Жетпісті – көрген жоқпын, кім біледі!..Сексен мен тоқсаныңды айта көрме –Құрысын төсегімді бүлдіреді!..                              Қаңтар – 2007