ВЕРНУТЬСЯ

        Республикалық тәуелсіз басылым «Жас қазақтың» 2009 жылғы 13
наурыз күнгі нөмірінде Рейтер агенттігінің хабары жарияланыпты. Онда ағылшын
ғалымы Алан Аутрем жылқы түлігін бұдан 5500 жыл бұрын бүгінгі Қазақстан жерінде
ата-бабаларымыздың қолға үйреткенін дәлелдеп, енді бұл жаңалықтың ғылыми
айналымға мықтап енетінін айтты.Олай болса, қазақтың ата-бабалары сол дәуірден
бастап, жылқы ұстап, қымыз пісе бастаған.

       Арабтар жылқы
мен түйе ұстағанымен, қымыз-шұбаттан хабарсыз. Сондықтан орта ғасырларда
қыпшақтардан қымыз, шұбат, айран, көжені көрген Ахмед ибн Фадлан, ибн Баттута
сынды араб саяхатшылары дала тұрғындарының шетінен шырайлы келіп, зор тұлғалы
болатындығын таңдана жазыпты.