ВЕРНУТЬСЯ

      Бірден айтайық, Ресейдегі азамат соғысы мен осы елге қарсы
бағытталған жатжұрттық басқыншылық туралы егжейлі- тегжейлі баяндау біздің міндетімізге
кірмейді. Біз аталған соғыстың басталуы мен себептері туралы тың деректерге
сүйене отырып, өзімізше сараптама жасағымыз келеді.Ал тың деректер көршілес
Ресейдің біреу болса да, бірегей «Молодая гвардия» журналынан алынып отыр.
«Бірегей» дейтін себебіміз, аталған журнал сол елдегі тек тәуелсіз ғана емес,
оппозициялық та басылым болып табылады. Яғни, ресми, сыңаржақ ұстанымнан мүлдем
аулақ.Әрине, біз ол деректерді таласуға жатпайтын, тұп-тұтас ақиқат дегіміз де
келмейді. Дегенмен жағдаяттардың қисындылығы мен жүйелілігі өзіне назар
аударарлықтай...

Көпке мәлім, бұрынғы кеңестік тарихта азамат соғысының
себептері былай түсіндірілді: орыс жұмысшылары мен шаруаларының, сарбаздар мен
теңізшілердің жаппай қолдауына сүйенген В.И. Ленин бастаған большевиктер
билікті қолына алып, Кеңес өкіметін орнатты Сол сол-ақ екен, ең бірінші ескі
жау- немістер лап қойып, зорлықпен Брест бітімін қабылдатты. Бірінші
дүниежүзілік соғыс бітер-бітпестен, Ресейдің бұрынғы одақтастары- АҚШ, Англия
мен Франция өздерінің бұрынғы қаруласына қарсы шығып, әскерлерін төкті.
Нәтижесінде Балтық теңізінен Тынық мұхитқа дейінгі кең байтақ аймақта қанды
соғыс өрті тұтанды...

Аталған тұжырымның дұрысы да , бұрысы да бар.1918 жылдың
ақпанында немістердің баса-көктеп кіргені рас. Өздеріне «тиесіліні» қарпып қалу
үшін. Өйткені большевиктердің немістің Бас әскери штабы берген мол ақшаның
арқасында билікке келгенін «Молодая гвардия» да, оларға көзқарасы қайшы
демократиялық басылымдар да талай рет жазып, жұртты жауыр етті. Немістер Брест
бітімі бойынша иеленіп  алуға тиісті
Украина, Белоруссия, Балтық бойы елдерінен өзге, Кавказды да темір табандарына
басты. «Орыстар (большевиктер) 1918 жылдың наурыз-қараша айларында немістерге 2
млн. пұт қант, 9132 вагон астық, 841 вагон ағаш, 1218 вагон ет, 294 вагон
қымбат бағалы аң терісін берген». («Жас қазақ», 2005 жыл, №47). Ал
одақтастардың қатысына келсек, оның тамыры тереңде жатыр...

Біріншіден. «...1912 жылы Нью- Йоркте халықаралық сионистер
сьезі болып өтті. ...онда «Ресейді тізе бүктіру» мақсаты қойылған.Сол үшін
арнайы қор құрылып, оның ісіне Якоб Шифф (АҚШ-тың сол кездегі танымал
қаржыгері), оның байлығы жөнінен Америкада екінші орын алатын «Куб және Леб»
банкіндегі компаньондары Ротшильдтер, Варбургтер, Лондондағы «Джойнт сток»
банкінің директоры Мильнер, тағы басқалары қатысты»( «Молодая гвардия», 2008
жыл, №3). Орыс көршілерімізді соншама түпсіз терең тұңғиыққа итеретіндей, олар
не «жазыпты»?! Әрине, олар ештеңе де «жазбаған» да шығар. Бірақ Балтық
теңізінен Тынық мұхитқа дейін созылған алып елдің қазба байлықтары Ресейдің
Батыстағы арсыз да тойымсыз «достарының» түн ұйқысын төрт бөлген секілді. Оның
үстіне Ресей экономикасы 1900-1913 жылдары қарыштап дамып, әлемдегі АҚШ,
Англия, Франция, Германия секілді дамыған елдерді қуып жетпегенімен, өкшелей бастаған
екен. Ал саясат- қашанда экономиканың айрылмас сыңары. Демек, одақтастар
Ресейді экономикалық және қаржылық бәсекелес ретінде есептен шығарып, мүмкін
болса, оның телегей теңіз байлықтарын иеленуге тырысты. Жалғыз орыс орманының
өзі неге тұрады?!...

...Сондықтан көп ұзамай іске кірісті.1914 жылы Бірінші
дүниежүзілік соғыс басталғанда, Ресей Антанта ( француз тілінен аударғанда
«жүрек жарасымы» деген сөз. Англия мен Францияның саяси-әскери одағы) жағында
болып, Германия мен оның одақтастарына қарсы шықты.Өзінің сорына соғыс ашқан
екен. Қару-жарақ өндірісі көршіміздің ең осал тұсы болыпты. Нәтижесінде «1915
жылы орыстың әскери басшылығы «Армстронг» және «Виккерс» атты ағылшын
зауыттарына жазғы соғыс науқаны үшін 5 млн. снаряд, 1 млн. винтовка, 1 млрд. оқ-дәрі,
8 млн. гранат, 27 мың оқшашар және басқаларына тапсырыс берген екен. Сол
тапсырыс мүлдем орындалмаған. Нәтижесінде қару-жарақсыз қалған орыстар жауға
Польшаны, Балтық теңізі бойының бір бөлігін, Батыс Бел оруссия мен Батыс
Украинаны тастап кетуге мәжбүр болды».( Бұл да сонда. 231 бет). Ал соғыстағы
сәтсіздіктердің орыс патшасының тағын шайқалтуға елеулі себептердің бірі
болғанын баса көрсетуіміз керек. Осы жерде солтүстіктегі көршіміздің жаулары
мен «одақ тастарының» мүдделерінің бір жерден қиылысуының өзі таңданарлықтай. Ел
бүлінді, кезек төңкеріске де (1917 жылғы, қараша) жетті. « Төңкерістің өзі орыс
халқын мақсатты түрде бөлшектеп және бір-біріне айдап салған сыртқы күштердің
алдын ала жоспарлауы мен ұйымдастыруының арқасында жүзеге асты.Оған Батыс елдерінің
үкіметтік, қаржылық топтары мен арнаулы қызметтері қатысты.Тек 1917 жылы
Ресеймен соғыс жағдайында болған мемлекеттер (Германия, Аустрия-Венгрия т.б.)
ғана емес, сонымен бірге орыстардың достары және одақтастары болып саналатын
елдер, бірінші кезекте АҚШ пен Англия белсене әрекет жасады» (Бұл да сонда. 227
бет).