ВЕРНУТЬСЯ

Облыс аумағында ой-талғамсыз орнатыла салған дүниелер аз емес!.. Солардың бірі – Ақтау қалалық әкімшілігінің алдынан орын алған «Қайық!..» Біздіңше, ол – ешқандай тәрбиелік «жүк» көтеріп тұрмаған, көше сәніне де қосары жоқ, басы артық тұрған зат!.. Соған орай: «Оның орнына – қазақтың тәуелсіздігіне, ұлттық идеологияға қызмет ететін көрнекті ескерткіш неге тұрмайды?» - деген орынды сауал  туады!..Енді, облыстық әкімшіліктің қарсы алдындағы – «Достық» алаңына бет түзеңіз!.. Алдымен назарыңызды «Фонтан» құрылысы аударады. Сын көзімен қарасаңыз, сол құрылыста, фонтандықтан гөрі, сіресіп қалған мұнаралық сипат басым!.. Бұдан да, дәлдеңкіреп айтсақ, «фонтан» деп жүргеніміз әлдебір марқұмның басына қойылған тас-белгі секілді көрінеді!.. Соның салдарынан, оның төбесінен төмен аққан суда «фонтандық белгі» аңғарылмайды., көңіліңді ашпайды, ойнамайды, еркелемейді!..Сол «Фонтанның» жанында – бала көтерген әйелдің мүсіні тұр. Әдетте, әйел адам жас сәбиін көтергенде – оны құлатып алмаудан сақтанып, қос қолымен құшақтай, бауырына қысып тұрар еді!.. Мұнда, керісінше, әлгі әйел талпынған баланы- бір қолымен ұстаған!.. Құдды, жансыз қуыршақ ұстағандай!..Сонда, мұны жасаған шеберде – қарапайым логиканың болмағаны ғой!.. Сосын, әйел-мүсіннің бет-жүзіне қараңыз... Қазақ емес, қазақ түгілі, өңінде шығыстық белгі жоқ – еуропалық!.. Маңғыстаудың төріне қоятын басқа ештеңе табылмағандай, оның бұл тұрысы – қай тұрыс?.. Әсіре – саясаттың түріне қараңыз, әлгінің бәрі аз болғандай «шетелдік» әйелдің үстіне – қазақ үйінің қаңқасын тігіп қойыпты!.. Бұл – мазақ емей немене?!.... Енді, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеден шығыңыз да – Ақтауға баратын жолға түсіңіз!.. Ұзамай, сізді жол жиегінен үйілген тас үстіне қойылған «Барыстың» мүсіні қарсы алады!.. Далалық кеңістікте орнай қалған әлгі мүсін – көзге өте кішкентай, уақ, қораш көрінеді!.. Мұражайға, не, әлдебір бөлмеге қойылса, әрине, онысы байқалмас та еді!.. Бірақ, кең далада тұрғандықтан, барыс емес, құдды, мысық сықылды аңғарылады!.. Оған қоса, қимыл-қозғалыс үстінде бейнеленбегендіктен, жолаушыға – жансыз қуыршақтай жағымсыз әсер қалдыратыны тағы бар!.. Бұл, асылы: «2030 жылдарға қарай Барыс боламыз!» - деген саяси ұранның «жемісі» шығар?.. Бірақ, мүсіннің – ойсыз, талғамсыз орындалуы және лайықты орнын тауып қойылмауы себепті – адамға да, саясатқа да пайдалы қызмет көрсете алмай, күлкілі күй кешіп тұр!..Ұсыныс: Мұндай өлі дүниелерге орын алдырып, елді мағнасыздыққа ұрындыра берудің еш қажеті жоқ!.. Оларды – алып тастау керек!..