ВЕРНУТЬСЯ

«Аға» дейді Ерекен*,«Аға» дейді Мұрат** таБұлар да бір ер екенҚалдырмаған ұятқа!.. «Аға» деді аңқылдап,Сақалды інім Ырза*** да...Жайнаң қағам жарқылдапСамауырдай үр жаңа!.. «Аға» деген сыпайыТемірхандай**** ініміз.Жоғалмаған ұпайыҚадірлінің біріміз!..___________________________________*Ерекен – балалар жазушысы  Е.Қорабаев.**Мұрат – журналист-редактор М.Жетекбай.***Ырза  ақын-журналист Ы.Оңғарбай.****Темірхан – журналист- ұстаз Т.Түйте.Абызындай даламныңАғалармен көктедім.Амангелді* - ағамныңАлдын кесіп өтпедім!.. Жеткізгенді** көргенде –Тұратын ем иіліп...Жақсыларым өлгенде –Күйреп қалдым күйініп!.. Ақ көңілі баладайАғаларды көп көрдім!..Байбазарды*** данадайСыйлағанды дөп көрдім!.. Жаңғалақтау ісімдіАға-бауыр сөкпеді.Іні-бауыр түсінді,Сырттарына теппеді.._________________________*Амангелді – автокөлік маманы А.Мұрынбаев.**Жеткізген – мал маманы Ж.Өмірбаев.***Байбазар – тіл жанашыры Б.Ербақы.Шалқайғанға – шалқайдым,Абыройым төкпедім!..Еңкейгенге – еңкейдім,Кішірейіп кетпедім!.. Інілікке- жарадым,Ағалыққа – анықпын!..Сөйтіп жүріп, қарағым,Шал да болып қалыппын!.. Қылып жүрмін ырзылықҚанағатшыл күйіме.Көрсете бер мырзалық,Бауырласқан дүние!..              Желтоқсан – 2012