Баяғыда, бағзы заманда:
Өткені ме бұл
жаздың,
Жегі құрт боп жеп мені,
Халқыма арнап жыр жаздым,
Халқым керек етпеді.
Әй, обал-ай,
обал-ай,
Ал, ендеше, өсекке ер.
Отқа айдаса көкорай,
Боққа қашқан есектер.
Иіріп кеп соққаның
Жауың емес,
маңайың,
Қолыңдағы шоқпарың
Кімдікі өзі, ағайын?
Бар осындай ел менде,
Жарлы ма,
жоқ зарлы ма -
Жалтақтыққа келгенде,
Жан салмайды алдына.
Бөлшек те өзі,
бүтін де,
Айтам қайсы құқайын.
Дейді: «Көпке түкірме»,
Түкірігім жұтайын.
Ұйықтай
алмай түнімен,
Қуырыламын табада.
Ұлт
дегенің,
шынымен,
Үш-төрт кісі ғана ма? -
деп өткен бақытсыз ақындар болған...
- 121 просмотр