ВЕРНУТЬСЯ

         Бұл оқиға бұдан бір ғасырдай уақыт бұрын болған. Өткен
ғасырдың басында, тіпті одан да көп бұрын Хан Ордасында жылына екі рет жәрмеңке
ұйымдастырылыпты. Оған сонау Сарытаудан бастап, Хажытархан мен Сарысудан
(Царицын) келген орыс көпестері де қатысып, сатқан тауарын сатып, сатпағанын
айырбастап алатын көрінеді...

Міне, сол жәрмеңкелердің біріне бару үшін шағын шаруа
отағасы жиналып жатады. Кетерінде қатынына айтыпты : - Мол етіп , ас сал. Ішіне
қойдың қара құрты езілген, бір аяқ сорпа 
да даяр тұрсын, -депті. Жұбайы наздана күліп: - Ау, сен алыстау жерге
бара жатырсың. Ең болмаса, «Алла бұйыртса...» не «Бұйыртса...» деп айтсаң
қайтеді ?! - дейді. Күйеуі күліп , қолын бір сілтеген : - Онда тұрған не бар?!
Талай барып жүрген жерім ғой,- дейді.

Солай деген де, аттанып жүре берсе керек. Жәрмеңкеге барып,
шаруасын бітіріп, үйге келе жатады. Сірә, көктем мезгілі, сәуір айы болса
керек. Қысқа күнде қырық құбылатын ауа райы кенеттен бұзылған. Шуақты күнді
ызғарлы жел, қарлы борасын ауыстырыпты. Аты да, өзі де жаурап, біраздан соң
адасады. Әупірім дегенде, таң ата ауылын тауып, үйінің есігін қағады...

Бұл кім?- деп дауыстаған қатынына,

 - Бұйыртса, байың боламын. Қатын,
есікті тез аш!-депті ашулы күйеуі онан сайын бүрісе түсіп...