ВЕРНУТЬСЯ

(Орын Құлсариевке) Кетсе – бірге кетіседі...Жетсе – бірге жетіседі!..Бірі қатты, бірге тәтті –Домбыраның екі шегі!.. Екі шектей сабаласып –Ғұмыр өтер жағаласып!..Жылдар емес – біткен іспенӨлшенеді ара қашық!.. Қолында оның тұр домбыра,Көп тартылған жыр-домбыра...Ұрпағына сазы қалса –Болмағаны құр домбыра!.. Күймен жаулап өмір-шыңды –Маңғыстауға терің сіңді!..Кемеліңе келіп тұрсың –Бітік өскен егін сынды!.. Өнерді бір майдан деп ең –Елге тисін пайдам деп ең!..-Абыл, Есір, Өскінбайдан –Ардағымсың қаймақ жеген!.. Жетпіс бестің* - астары бар...Алынбаған аспаны бар!..Орекеңді шал демеңдер –Қазанының қаспағы бар!..             Ақпан – 2007_________________________Жетпіс бес* - кейіпкердің жасы.