ВЕРНУТЬСЯ

(Сүйікті ұлы Айдос өлгенде ақынның – зайыбы Айманға шығарып берген жоқтау-өлеңі)Жаратқан Алла, кең едің-Пендеңді сүйеп, демедің!..Басыма зауал түссе де:«Осының қалай?»-демедім... Айдосым, қыршын жасыңда –Сапарға қайтпас жөнедің!..Жаратқан хақтың ісіне-Амал жоқ, халқым, көнемін!.. Мен осы үйге келгенде-Балауса-балғын бала едің...Анаң сықылды сабырлы-Бала да болсаң – нар едің!.. Алтыннан құйған асықтай...Күмістен соққан қасықтай...Төредей болған патшам-ау!..Өлімің жаным жасытты-ай!.. Қиындық кездер болды ғой-Оны да, жаным, білемін!..Өздерің аман болсын деп –Саулықтарыңды тіледім!..Жиырмаға жасың жеткенде-Бір ауру саған жабысты!..Айырылмай содан алты жыл-Қабаған иттей қарысты! Жылма-жыл сұрқос асқынып –Қу сүйек болып жүдедің!..Ақыры үзіп тындың-ау-Бір әулет жанның тілегін!... Айдосым жолға шықты ғой-Тауысылып дәмі-татары!..Қызықсыз – қыршын кеткенің-Қайтейін, жанға батады!.. Жеткізбей кеткен арман-ай!Дүние неткен тарлау-ай!..Аурулы әкең уайым жеп-Тістеулі қалды бармағы-ай!.. Жалғанда- жалған-жалған-ай!..Құдайдың басқа салғаны-ай!..«Ажалға-сабыр», халқым-ау,Аман да жүрсін қалғаны-ай!..                                   Ақпан – 2009