ВЕРНУТЬСЯ

(Орақ Байғалиевқа) Мен деген – мен емеспін!..Өзіммен – ерегеспін!Мен деген – қайшылықпын!..Қып-қызыл төбелеспін!.. Демеймін: «Жеке адаммын»...Мен деген –екі адаммын!..«Екеудің» ортасында,-Жүгірген есалаңмын!.. «Екеуі» керіседі,-Айқайға еріседі!..«Менімді» көкпар қылып-Беріспей - өліседі!.. Тебеді зілдей қылып,Түтеді жүндей қылып!..«Екеуі» қабақ ашса –Отырам күндей күліп!.. «Мен! Мен! Мен! Мен!» - дейсіңдер,«Төрт жағым тең!» дейсіңдер...Адамдар білесің бе,Сендер де мендейсіңдер!..Сендер де екі адамсың:Төлеген – Бекежансың*!..«Екеудің» тұтқынында...Білмеймін, не табарсың?.. Мен деген – мен емеспін!..Сен деген – сен емессің!..Тұрамыз от пен судан –«Екеуге» телі емес Кім?.. Сіз бен біз – кім боламыз?..Арпалыс – жыр боламыз!..Арпалыс тоқтағанда –Шашылып, күл боламыз!..                        Сәуір – 2007______________________________Төлеген – Бекежан* - «Қыз Жібек» жырының қаһармандары.