ВЕРНУТЬСЯ

  («Жас талап» қой  өсіруші  комсомол-жастар бригадасының мүшелеріне)

 

  Жіңішке сүрлеу жүгіре шығып,

жонды өрлеп,

Шылбырын   сүйрер   қара  
кер   аттың:   «кел,  
кел» - деп.

Кереге бойы шалғынды сайға келген ек,

Ойнақы желдей ойыны жаман бәтшағар,

Тығылып қалып... табанын қайтып көргем жоқ.

Үміттің әлсіз жібінен қалай айрылам,

Заразап болып күс табан қудың ойынынан

Тұрғанда...

Көздер бір ноқат шалып қалғаны,

Қараған өскен жазықтың жықпыл қойнынан.

Бұқпалап сайда жатыпты салқын қыстағы,

сұп-суық судың балтырды шымшып, қысқаны...

Астары кетіп атамның тозған бөркіндей -

Алдан шықты Ерденбек шалдың қыстауы.

Жұмбақ бір сұс бар ертегілердің еліндей,

Жалғыздық, шіркін, мүжіген екен ерінбей.

Адамның даусын естіген керең қабырға,

Шыңғырып жатты

Төске қысылған темірдей!

Өлі тыныштық,

Жаңғырықпен қашты көрінбей...

«Ерекең жоқ қой,

Ұзақ күттім, - деп, - сендерді».

Сықырлап тұрған жылауық есік жөнделді...

Ашық аспанның

астында жатып сол күні,

Достарыма және өзіме-өзім сенгем-ді.

Бір ғұмыр таппас қазынаны ашса бір күнің,

Қиянда мынау толқымас дейсің кім бүгін.

Өзгені емес, өзімді тауып бердің сен,

Қиырға келіп қиналып тапқан шындығым.