ВЕРНУТЬСЯ

«Сөз тапқанға – қолқа жоқ» деп мақалдайтын қазақ – ел басына күн туған қиын тұстардың талас-тартысында, түйіні шешілместей көрінген күрделі дау-шарларда ақ-қараны айырып, тереңнен ой шалған, көкейге қонар түйінді сөз тапқан айыркөмей би-шешендердің аузын бағып, олар кескен үкімге тоқтауды да білген!.. Кәрі тарих – сөз билігін ұстаған ірі тұлғалардың мемлекеттік деңгейдегі істерді шешуге араласқанын да айтады. Шүкір, кейінгі жылдарда: қазақ билерінің алтын сөздері түзілген жақсы жинақтар, олардың шығармалары мен қызметін сөз еткен зерттеулер шыға бастады!.. Бірақ, бір өкініш те бар!.. Ол, әзірге Астанада: Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге қойылған ескерткіштер болмаса, басқаларының тұлғаларын көз алдымызда (көшелерімізде) асқақтата алмай жатқанымыз!.. біле-білсек, оларды ұлықтайтын көрнекті ескерткіштер – қазіргідей қазақ тілінің қадірі кетіңкіреп, еңсесі түсіңкіреп бара жатқан тұста ерекше қажет болып тұрған жоқ па?!.Маңғыстау билері!.. Беріде шыққан бір-жар еңбектер болмаса, олардың зерттелуі де, соған сәйкес, бүгінгі ұрпаққа танылуы да – кемдеу соғып жатқан жайы бар!.. Дегенмен, көкірегі ояу жұрт шешендік өнердің айтулы шеберлері – бұл өңірде де аз өтпегенін біледі!.. Ермембет, Иса, Мәтжан, Тілеген, Ораз, Бәйменбет, Көбен, Айдарбай, Оразбай, Тобанияз, Қабыл, Қарабала, т.б. сөз жүйріктері – осы қатардан табылады!.. Біздіңше, бұлардың арасында басқаларына қарағанда, би ретінде ел аузында – ерекше аты, артында – салмақты да мәйекті сөз қалғандары Ермембет пен Мәтжан. Жұрт бұл екеуін – ел басқару ісіне белсене араласқан қайраткер тұлғалар ретінде де біледі!..Әлім Бүкір сыншы айтыпты деген беделді сөз бар Ол: «Ермембет – сөздің атасы, Мәтжан – сөздің анасы»,-деген емес пе еді?..Заманында неміс этнографы Р.Краутц түсірген Маңғыстаудың үш биінің (Ермембет, Иса, Мәтжан) фотосуреті бар екені белгілі. Жергілікті талантты суретші, марқұм К.Сарбасовтың аталған фотосуреттегі тарихи тұлғалардың көшірме-бейнесін түрлі-түсті бояулармен анық та, қанық етіп салып кеткенін білеміз. Ол суреттері – соңғы жылдарда мерзімді баспасөзде жарық көріп те жүр. Мұндай үлкен «олжа»- мүсінші-шеберлердің жұмысын «біршама» жеңілдетпек!..Қорытынды пікір: Ақтау қалалық әкімшілігінің алдында тұрған «Қайықтың» орнына – Ермембет-Мәтжан билер бейнеленген тұлғалы ескерткіш тұрғызылса!..