ВЕРНУТЬСЯ

  Жанарынан төгілген нұр моншақтап,

Соғыстарда шейіт болған құрбанды ақтап.

Кең дүние - ақ шәйнек шытынаған

Күллі адамзат құрсау
боп тұрған сақтап.

Дүниеде жан-жағын
құрсаулаған,

Аруана жүрекпін жыр саулаған.

Жүрегімді сорғылап жылан емсе,

Бір жағынан тартқылап кім саумаған?

Ажал оғын адамға туралаған,

Соғыс өртін жалғанда
кім қалаған?

Сұр ғаламда жапырақ- жүрегімді,

Құйын,Дауыл,Жел
қанша жұлмалаған?

Жүр ме айбар, сұсымның сесі жетпей,

Қай жаудың да ғаламға өші көптей.

Мылтықтардан атылған оқтың бәрі,

Жүрегімді тоқтар ма тесіп өтпей.

Қасқыр иттер жұлмалап көп талаған,

Тесіп өтпей жүректі тоқтамаған.

Бүгін бірін жеңсең де,болашақтың

Жауы қанша мылтығын
оқтамаған?!

Биігінде тұрса да аударылмай,

Күн өткеріп көрді
ме тау қабынбай.

Адамнан ба,кім
білсін,заманнан ба ?

Қалған емес,
әйтеуір, жау табылмай.

Жарқыраса жадырап жарық ғалам,

Көңілденіп, күркіреп, шабыттанам.

Қанша артса да ақылы соғыс ашқан

Адамдарды ұғудан
қалып барам.

Соғыс ашқан адамдар саналы ма?

Оқ арнаған онсыз да жаралыға.

Жандар қанша қабағы ашылмаған

Қарағыштап дүние
қабағына?

Бірі жаулап, жаныққан бірі қорғап,

Ғалам сонда соғыстың алаңы ма?!