ВЕРНУТЬСЯ

               (Арылу)Заһарды жұттым өлгенше –Қырыққа жасым келгенше...Талай нәрсені бүлдірдім-Шалалығымды білдірдім!.. Қыз-келіншектер тиісіп-Жасымда жүрдім сүйісіп...Олардың бәрі өткінші-Қайрылмай солай кетсінші!.. Жарты орыс болған оңа ма?..Ұстаған жоқпын ораза...Жыр төксем-дағы қағазға...Жығылған жоқпын намазға!.. Мақтанып, аузым көпіріп...Айтпадым, бірақ, өтірік!..Көлденең дәулет жимадым-Адалдық болды иманым!.. Болғанмен әзіл-қылжағым-Қиянат жанға қылмадым...Көтеріп туын шындықтың –Сөйледім сөзін мұңдықтың!..Жаман мен жақсым тең емес,Білемін, мұным жөн емес!..Тайлағым да  сол, нарым сол –Пенде емеспін бе, барым сол!.. «Жақсылық көрсем - өзімнен,Жамандық көрсем - өзімнен».Жоқ еді ашу-аразым –Қалтылдап тұр ма таразым?.. Болыпты, міне, түн жарым...Өзіңнен тілек қылғаным:Рахымы шексіз кең Алла,Не көрсетсең де – ырзамын!..                                Қыркүйек – 2008