ВЕРНУТЬСЯ

         Бүгінгі Қытай Халық Республикасы - әлемдегі ең мықты
мемлекеттің бірі болса да, бірегейі. Мәселен, әскери қуаты жөнінен Қытай орыс
көршісін басып озып, АҚШ пен Франциядан кейінгі үшінші орында тұр. Ал оның
экономикалық-қаржылық қуатына келсек, ол бір «жыр мен жұмбақ». «Жыр» болатыны-
ол қаржылық-валюталық қоры жөнінен АҚШ пен Жапонияны өкшелеп келеді.Әлемдегі
шетел инвестициялары жөнінен де шығыстағы көршіміз алдыңғы орындарға ие. Өзіне
инвестициялар тартумен шектеліп қалмай, қытайлықтар өзге елдерге де мол қаржы
құюмен барған сайын танылып келеді.Кәрі құрылық-Азияда олар бұл орайда үнді
және жапон бәсекелестерімен барған сайын қақтығысып қалуда. Қытай сыртқа ет
шығарудан дүние жүзінде бірінші орынды иеленсе, күріш саудасында қатардан қалып
отырған жоқ. Бұдан бар болғаны 20 жыл бұрын, елін асырай алмай, сырттан күріш
тасыған осы елдің бүгінде экспортқа азықтың бұл түрін шығаруы- айтарлықтай
нәтиже. Әйтеуір, Ресейдің «Азия и Африка сегодня» атты ғылыми журналының кез
келген нөмірінің Қытайға арналған мақаласыз шықпауы көп нәрсені аңғартады...

«Жұмбағы» сол- Олимпиада өтіп жатқан осы елдегі адамдардың
дәл санын ешкім білмейді. Кейбір қытайтанушы ғалымдардың айтуынша, халық санағы
қашанда кемітіліп көрсетіледі. Әсіресе, экономикалық көрсеткіштердің дәл
көлемін білу өте қиын. Азияның алып елінің сыртқы саясаттағы кейбір мақсаттары
да бүркемеленген. Ағылшындардан Гонконгті, португалдардан Аомынь (бұрынғы
Макао) қалаларын өздеріне қайтарған Қытай енді Тайвань аралын қосып алмақ..Оны
қашан және қалай жүзеге асырары белгісіз. Алайда ұлы көршіміздің қазақ жері мен
Ресейдің Қиыр Шығысын басып алу мүмкіндігі жөніндегі пікірлер негізсіз. Есті де
епті қытайлар американдықтар секілді ашық басқыншылыққа бармайды. Тек
экономикалық-қаржылық жағынан «жаулап алып», діңкені құртпаса...