ВЕРНУТЬСЯ

    Күн
қауысып барады. Көл түнерді,

Ақжал
құла толқындар жөңкіледі.

Жел
ысқырса бұйрығы табиғаттың,

Толқын
атса - теңіздің мөңкігені.

-      Не құдірет, айтшы әке, тасқын деген,

Сұраушы
едім осылай жас күнде мен.

-      Ол ма, балам, тентегі табиғаттың,

Құла
тайы дейтұғын, бас білмеген.

Толқын,
толқын...

Тай
толқын алабұртқан,

Ай
сығалап қарайды ала бұлттан.

Жастық
шақтың толқынын түріп тастап,

Кекжиектен көрінді ағарып таң.