Күн
қауысып барады. Көл түнерді,
Ақжал
құла толқындар жөңкіледі.
Жел
ысқырса бұйрығы табиғаттың,
Толқын
атса - теңіздің мөңкігені.
- Не құдірет, айтшы әке, тасқын деген,
Сұраушы
едім осылай жас күнде мен.
- Ол ма, балам, тентегі табиғаттың,
Құла
тайы дейтұғын, бас білмеген.
Толқын,
толқын...
Тай
толқын алабұртқан,
Ай
сығалап қарайды ала бұлттан.
Жастық
шақтың толқынын түріп тастап,
Кекжиектен көрінді ағарып таң.
- 131 просмотр