ВЕРНУТЬСЯ

       -Ноғайлар-қазаққа түбі бір туыстар.Біздегі ноғай -қазақтардың
солардың бір бөлініп кеткен тобының ұрпағы екендігі жөніндегі болжам да
ақиқатқа жақын сыңайлы. Негізі, өкінішке орай, соның бәрін бұлтартпай
дәлелдейтін деректер жоқ немесе мүлдем сирек. Әйтеуір, өзім одан хабарсызбын.
Сол Сақмар өзенінің бойын жайлағаннан бастап, қазақпен аралас-құралас болып,
қыз алысып, қыз берісіп, арамызға сіңісіп кеткен ғой. «Төрт таңбалы
ноғай-қазақ» атауы да сол кезде шыққан болар. Меніңше, ноғай-қазақтарды Бөкей
хан шақырып, өзімен бірге Еділ-Жайық арасына қоныс тепкізген. Ноғай-қазақтан Ғ.
Қараш, М.Ықсановтан басқа, кейбір академиктер шыққан, мәселен,Бәйішев деген.
Дәл қазір оның аты-жөні есімде жоқ...-