ВЕРНУТЬСЯ

   Көктегенде көктемде елің түлеп,

Той өткізіп жатырсың Елуге кеп.

Айбыныңа Алатау айналады,

Айдарыңнан ескенде жел гуілдеп.

Сағым қуған алданбай
жел-елеске,

Түзу тартып келесің бел-белеске.

Адырнасын өгіздей
мөңіретіп,

Көбе бұзар бұл елу
жебе емес пе?

Жебем болсаң
алысқа аңыратқан,

Сенсің қарау қоғамды қалтыратқан.

Елу деген егеулі найза емес пе,

Сұлулардың қақпасын қақыратқан.

Махаббаттың шыдамай күйігіне,

Бүлік кірген ішіне, бүйіріне.

Елу деген бесті айғыр арқырап кеп,

Байталдардың сүңгіген үйіріне.

Кімді күтем мен сені күтпегенде,

Бір өзінді,
Сарыарқа, жұрт көремде.

Шаңырағың қалғанда бір биіктеп,

Елуге кеп еңсеңді тіктегенде.

Үйде көріп,жүрсем
де түзде көріп,

Айдыныңда қаз қанша жүзген өріп.

Княз інім, батам бұл саған берген,

Бір аруды құшарсың жүзге келіп.

Ақша бұлтты қамқа
тон - сеңсең көріп,

Қара орманға айналған тепсеңге өніп, -

Княз інім, арманың болмас, сірә,

Сол арудың үстінде кетсең де өліп.