ВЕРНУТЬСЯ

         Мысқыл емес, нағыз жан-дүниеңмен күлкіге кенелудің адам
ағзасына да, көңіл-күйіне де пайдасы көп. Адамды жасартып қана қоймай, жүйке
жүйесіне, ми қызметіне жақсы әсер етеді. Тек тым күлегеш болудан сақтасын...

Демек, өткір әзіл, әділ сын, уытты қалжыңның иегері
-Қожанасыр мәңгілік жасай бермек. Тіпті компьютерлер мен сан алуан саиттар
заманында да...

Қожекең айтыпты...

Жұбайлар бақыты

Бірде Қожанасырдан сұрапты:-Қандай жұбайлар бақытты бола
алады?-. Қожекең сәл ойланып барып, жауап берген екен:-Егер күйеуі-саңырау,
әйелі-соқыр болса...-