ВЕРНУТЬСЯ

Ауламызға үретін-ді,Құлдыраңдап жүретін-ді...У жұтты да бір күн күшік –Тапты барып күресінді!.. Мынаусы да бірден ұшып...Құтаймады бізге күшік!..Қаңсып қалды итаяғы...-Жандос*, тағы ізде күшік!.. ...Мұның аты – Саққұлақ па?..Еркелетпе, шапқылатпа!..Сарайға апар, естілмесін-Үрген үні жат құлаққа!.. Табылды ғой «жұмыс» маған,Енді қалай тыныш табам?..«Күшім-күшім!..»- дей ме біреу?..Кәззап шығар у ұстаған!.. Бұған әзір бекембіз-ау...Сақ төбеттей екенбіз-ау!..«Бұ қайсың?..»- деп арпылдаймын –Итке айналып кетерміз-ау!..                       Ақпан – 2007_____________________Жандос* - ақынның ұлы.