ВЕРНУТЬСЯ

(Балақайдың өлеңі.) Тамызымды тауыстым –Қыркүйекке ауыстым...Мініп кетіп тайына –Ойын қалды жайына... Қара жерді терлетіп,Жаңбырлатып, желдетіп.Ойға бөлеп біздерді-Мазасыздау күз келді... Жалқаулықпен шығыстым-Енді оқуға кірістім...Кітаппенен шөлімді-Қандыруға кірістім. Ілім-білім тоғысар,Шеке мимен толысар!..Терсем күздің жемісін –Ол да менің жеңісім!..                     Қыркүйек - 2008