ВЕРНУТЬСЯ

Сырдың бойында,Достың тойында,Түртіп жүректі,Жүрдің ойымда... Көздеп аулақты,Тілек қаулапты.Топ боп тоғайға,Шештік бармақты!.. Тоғай құлдап біз,Қызық қумақпыз...Атып қырғауыл,Саят құрмақпыз!.. Кешке таныстым,Әлі алыспын...Сәулем-қырғауыл,Төзім тауыстың!.. Қызыл-жасылым,Жүрші ақырын...Көрер басқа «аңшы»,Талға жасырын!..Қанат сермеші,Жаным тербеші...Естір біреулер –Күле бермеші!.. Күн бар – сырғаңда,Мін жоқ тұлғаңда!..Қайтем құс атып-«Құсым» тұрғанда!.. Тоғай шолайын,Келсін орайың.Ілген қырғауыл –Мен-ақ болайын!.. Қырғауылым-ай!..Ырғалуын-ай!Бөтен біреуге –Бұрма жүзің-ай! Айнамкөзім-ай!..Жайнаңкөзім-ай!..Түсті өзіңе –Қайдан көзім-ай?..                              1967 ж.