Тауда - боран,
Дала - тыныш.
Қызықсың-ау, -
Жаратылыс
Қар борайды,
Құлаққ аұрып.
Сырғанайды,
Бұлак, күліп.
Шың үстінде
Еңілік гүл -
Күміс күнге
Емініп тұр!
Құстар сиреп,
Қыр асуда.
Қыста жидек
Бүр ашуда!
Жатса көрпе
Жамылып қыр,
Шырша терге
Малынып тұр!
Белді буып,
Дала жатыр.
Жел жүгіріп
Бара жатыр!..
- 147 просмотров