ВЕРНУТЬСЯ

        Енді мақаламыздың тақырыбына айналған Хо ағайдың лашығына
тоқталайық . Әрине," лашық" дегендей, пәлендей лашық та емес. Бірақ шағын да
жұпыны, ұлттық үлгімен салынған үй көрінеді. Гәп мынада-сонау өткен ғасырдың
алпысыншы жылдары Вьетнам мемлекеті жаумен жағаласа жүріп, ел көсеміне
азия-еуропалық үлгіні араластыра отырып, зәулім сарай салып берген екен. Ал Хо
Ши Мин одан мүлдем хабардар болмаса керек. Үй біткесін, оған елі мен халқының
төтенше сыйлығы жөнінде "естіртіпті". Алайда Хо ағайдың риза болмағандығы былай
тұрсын, оған кіруден үзілді-кесілді бас тартыпты. Сөйтсе : "-Құрметтеріңе
рахмет, бірақ мен ол үйде тұрмаймын.Жаным қысылады, өзімді еркін сезіне
алмаймын-  деген. ( Ескерту:
Вьетнам-ауасы аса ылғалды, қапырық ыстық болатын, тропикалық ел) Нәтижесінде
сол сарайдан аса қашық емес, жұмыс орнына жақын (қанша дегенмен жетпістен асқан
қария ғой) жаңағы үйді қоныс еткен...

Ал американ басқыншылары болса, зәулім сарайды бомбалап,
күт-талқанын шығарған екен. Сонан соң, "Оның көзін жойдық" деп жар салыпты.
Арада аз уақыт өткен Хо Ши Мин елі алдында радиодан сөз сөйлеп, өзінің
"жойылмағандығын" хабарлап, халқының сенімі мен қолдауы бар жерде ештеңеден
тіпті үрейленбейтіндігін айтса керек. Тағы да сөзін : "Вьетнам түбінде біртұтас
болады!  Біз жеңеміз! -деп аяқтайтын  еді. Күші басым озбыр жаумен жанталасып,
қызыл қанға боялып жатқан ұлты үшін оның жігер беруші әрбір сөзі зәмзәм судай
әсер еткені сөзсіз.

Өзіне қанша рет қастандық жасалғанын сірә, Хо Ши Миннің
білгені не білмегенінен хабарымыз жоқ. Аса үрейлі, алпыс екі айлалы АҚШ-тың
ОББ-сы мен өзге де мүдделі қызметтер бір қастандықтан соң, екіншісін
ұйымдастырып жатса да, елдің саяси- рухани, ресми көсемі қашанда тіл-көзден
аман жүрді. Тіпті американ барлаушыларының өзі оның Солтүстік Вьетнам  былай тұрсын, жау басып алған Оңтүстіктің әр
жерінен көрініп қалатындығын таңдана айтып жүріпті. Бірақ ешқашан жау қолына
түспесе керек. Жарқ етіп көрінеді де, жым-жылас жоқ болып кетеді.  Тіпті сол жылдары  Солтүстік 
пен Оңтүстікті байланыстыратын , жасырын жер асты жолдары жөнінде
әңгімелер де айтылып жүрген-ді...