ВЕРНУТЬСЯ

          Біздегі түрлі деңгейдегі санитарлық қадағалау қызметтеріне
осындағы және сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдерінің бактериологиялық және
химиялық сапасын бақылау және анықтау құқықтары берілген. Міне, сол саланың
маманы не дейді? Соған құлақ түрелік:-Күнделікті жұмысымызда,- дейді облыстық
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тамақтану гигиенасы бөлімінің
бастығы Алтын Орынғалиева,- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 19
ақпанда қабылданған №165 «Сырттан әкелінетін азық-түлік түрлерін мемлекеттік
тіркеуден өткізу» және биыл 25 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі» заңдарын басшылыққа алып отырамыз. Әзірге пәлендей өрескел заң
бұзушылық байқалмай отыр. Дегенмен олқылықтардың барын жасыруға
болмайды.Мәселен, тоғыз айдың ішінде дүкен және базар сөрелеріндегі, қоғамдық
тамақтандыру орындарындағы 314
кг азық-түлік «жарамсыз» деп табылып, айналымнан
шығарылды. Соның 223 кг-і- өз өлкемізде өндірілген тауарлар.Осы мерзім ішінде
595 адамға айыппұл салынып, сотқа 26 іс жіберілді. 15 дүкен, қоғамдық
тамақтандыру нысаны мен кәсіпкердің қызметі тоқтатылған. Прокуратура орындарына
591 ұйғарым бағытталды. Осының бәрі-өңіріміздегі азық-түлік өнімдерінің облыс
тұрғындары үшін, яғни сіз бен бізге химиялық және бактериологиялық тұрғыдан
қауіпсіз болуы мақсатында атқарылып жатқан 
шаралар...

Лауазым иесінен Қытайдағы балаларға арналған сүт өнімдерінен
меланин сынды улы зат табылуына байланысты дүрлігу жөнінде сұрағанымызда, ол
бұған орай  республика мыздың Денсаулық
сақтау министрлігі тарапынан арнаулы тәртіп болғанын және өңірімізде аталған
елден әкелінген сүт өнімдерінің жоқтығын қадап тұрып айтты. Бірақ «Сақтықта
қорлық жоқ» деген, алдын алу шараларының да қолға алынғанынан бізді хабар дар
етті...