ВЕРНУТЬСЯ

Маңғыстау, күнің аптап, желің тентек,Менде де саған тартқан сезім тентек!..Ғасырдың тұйығында тынып келіп,Аспанға атқылаған селің тентек!..         Қайырмасы:Маңғыстау – мерейім,Мерейлі сөз терейін,Күн аптаған ерніңеҚарлығаш – жыр қанатыменБір тамшы су себейін!..                           2-рет Маңғыстау – Қашаған мен Абыл өлкем,Қырларың құйын кезген сағым өлкем.Андыздап мұнаралар аспаныңа –Атағың алыс кеткен дабыл өлкем!..         Қайырмасы:Маңғыстау – жыр мекен,Ақындары дүр мекен!..«Абөбектей» ән қайырған,«Ақжармадай» саз қайырған –Перзенттері гүл мекен!..                           2-рет Маңғыстау – мұнаралар орманысың,Темірдей жұмысшының қолдарысың!..Аңсарын адамдардың арқалаған –Бастайтын болашаққа жолдарысың!..         Қайырмасы:Маңғыстау – құштарым,Ұшырдым жыр құстарын!..Айта алмадым жай тілмен,Топырағыңды май сіңген –Маңдайыма ұстадым!..                            2-рет