ВЕРНУТЬСЯ

(Әбіл Жұмағалиевқа) Қарайлап аққан жылдар тізбегіне,Жәутеңдеп өткен күннің іздеріне...Уақыттан – шылбыр үзіп кету қайда?..Алпысқа құрық бердік біз де, міне!.. ...Жас едік, көктем едік... көп жыл бұрын...Онда да дәл осындай -жазғытұрым!..Шетпеден -Жетібайға Әбіл келіп –Көрсетіп кеткені бар әннің «түрін»!.. Сол күні біздің үйге Әбіл келді –Сағынтып көптен күткен бауыр келді!..Дарылдақ көп әншінің біреуі емес-Сапырған ән мұхитын дауыл келді!.. Қос кемпір: бірі- апамыз, бірі – шешем,Басқаға болмағанмен, бізге – көсем!..Көз көрген ағайынды сұрап жатыр:«Қарағым, жүрсің бе,-деп,- аман-есен?..» ...Дауысы - көктей өтіп шаңырақты –Ұзамай Әбіл әнді аңыратты!..Жас алып, көздеріне, көңіл босап –Қос кемпір арманды сөз жамыратты!..Ән шіркін ағып жатты серпінменен –Үн қосып, сал-домбыра еңкілдеген!..Білмеймін, ән соқты ма, жел соқты ма –Түндігі ағаш үйдің желпілдеген!.. Өзім де үйге сыймай – тыншым кетіп,Ән-дауыл жүрегімді дүрсілдетіп...Қиялдың аспанына сапар шектім-Арманның желмаясын бүлкілдетіп... Шегіне жетпесем де байтақ әннің-Мен сонда шын Әбілді байқағанмын!..Бораш пен Өткілбайым* тірілгендей-Көңілдің көк теңізін шайқағанмын!.. Сен солай шертіп едің жүрек қылын...Бүгінде сол шіркінің жұлым-жұлым!..Арман не ертең-күнге шыдас берсе-Әбіл-ау, сенің әнің, менің жырым!..                        Сәуір – 2007___________________________________________________Бораш, Өткілбай* - маңғыстаулық белгілі әнші –сазгерлер.