ВЕРНУТЬСЯ

Әлдебіреу - Әлдекімге оқ атты...Ойлауынша: «Мүлт кетпеді – дөп атты!..»Әлдекімнің қисаймады мұрты да –Жұрт шулап жүр: «Жазықсызды неге атты?..» Әлдекімнің – артық еді өнері,«Жазығы» сол – алтын еді өлеңі!..«Оқатқыштың» іштарлығын білетін –Содан шығар, салқын еді сәлемі... Әлдебіреу тағы-тағы оқ атты!..Қаны қайнап – үсті-үстіне боратты!..«Нысанаға» дарымады бірі де –Кіл соқыр оқ берекесін жоғалтты!.. Әлдекімнің – көкірегі кең еді!..«Аққа – Құдай жақтығына» сенеді!..«Бас мергеннің» кім екенін білсе де:«Анау – олай, мынау – былай» демеді!.. Әлдебіреу - Әлдекімді көп атты...Тебеді енді босап қалған қорапты!..Атқан оқтың жоғалмапты бірі де –Қайта айналып Өзін тапты – омалтты!..                                      Мамыр- 2007