ВЕРНУТЬСЯ

         Саяси мансап жылдарындағы сияқты жеке өмірінде де ұлы
французды тасы өрге домалаған жылдар мен сәтсіздік кезеңдері айналып өтпепті.
Алайда жан-тәнімен католик болған қайраткер соның бәріне де Құдайдың сыны
ретінде қарап, қыңқ етпепті. Ең бастысы- жұбайы Ивонне Вандру (ол да  өзі секілді текті тұқымнан) зайыбына
адалдығын өмір бойы сақтап, сенімді серік бола білді. Сүйікті жарының
сиықсыздау екендігін тілге тиек еткен біреулерге генерал : «Саясаткердің
әйелінің сұлу болуы міндетті емес.Өзіне көмекші бола білсе, жарап жатыр» деген
уәж айтыпты...

Тегіне тартып, танымал тұлға атаққұмарлық, дүниеқоңыздық,
зұлымдық, екіжүзділік сынды   жексұрын
қылықтардан ада болса керек. Осыны пайдаланып, дұшпандары былай тұрсын, талай
рет достары да сатып кетіпті. «Генерал, сіз өз достарыңызды дұшпандарыңыздан
бетер неге жек көресіз?» деп, сондықтан оған досы У.Черчилльдің (ағылшынның
саяси қайраткері) жұбайы таңдана айтқан сыңайлы. Опасыздықты ешқашан
кешірмеу-оның адами қасиеттерінің бірі. Жаратылысынан француз болғанымен,
ешқандай әйелқұмарлығы, шарапқұмарлығы, сәнқұмарлығы байқалмаған.
Қарапайымдылық пен қажеттілік - міне, осы тарихи тұлғаның өмірлік ұстанымы.

Оның отбасында екі ұл, екі қыз өсіп-өнді. Қазір ұлдарының
бірі - адмирал болса, кішісі- нацист. Өкінішті жәйт. Екінші қызы Анна өмірге
есалаң болып келіп, жиырма жасында қайтыс болған. Соның жаназасында әкесі :
«Менің қызым енді өзгелермен «теңесті» жылаған екен.Өмірінде тұңғыш рет...

...Сен-Сирде оқуын бітіргелі тұрған жас жанға бір курстасы :
«Шарль, мен сенің ұлы тағдырға лайықты екеніңді сезіп тұрмын» депті. Шарль де
іркілместен: «Иә, өзім де солай ойлаймын» деп, жауап қайтарған. Тағдыры үмітін
толық ақтап шықты....