ВЕРНУТЬСЯ

        Мамандардың тұжырымына сенсек, семіз немесе толық (кейде
оларды «артық салмақты жандар» деп те атайды) адамдар өкпе сияқты жұқпалы және
Альцгеймер, Паркинсон сыңайлы өте ауыр жүйке ауруларына сирек ұшырайды. Арықтар
мен орташалар инфарктен жедел жан тапсырып жатса, «артық салмақты» адамдар одан
тез айығады және көп шалдыға да қоймайды.Өмірде жиі кездесетін жол-көлік
оқиғасы, өрт немесе өзге де апаттардан денесіне жарақат алса, семіздердің
арықтарға қарағанда, тез және аса көп қиналмай жазылатынына  таңданбай болмайды. Сірә, артық салмақ немесе
денедегі май қабаты ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтетін сияқты...