ВЕРНУТЬСЯ

       Өкініштісі сол, Салахаддин Юсуф ибн Аюбтың балалық шағы
жөнінде бізде дерек жоқ. Анық білетініміз, оның ұлты-күрд, текті тұқымнан
шыққан. 1138 жылы дүниеге келген. 18-20 жасынан бастап, көкесі Ширкухпен бірге
қолына қару алып, басқыншылармен қылыш қағысқан. 1164,1167, 1168 жылдары Шамның
ержүрек сұлтаны Нұрадинның қол бастауымен шармақ тағынғандарға қарсы азаттық
жорықтарына қатысты. Сөйтіп, батыл сарбаз, есті де епті сардар ретінде көзге
түсті.