ВЕРНУТЬСЯ

Ықсанғали Серік Ізбасарұлы
31. 07. 1955 жыл. Орал қаласында дүниеге келген. Журналист,мұғалім, саясаттанушы, аудармашы. 1972-1976 жылдары Орал пединститутында (бүгінгі М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да)оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығын алып шықты.Шығармашылықпен мектепте жүргенде айналысқан. Алғашқы әңгімесі 1969 жылыреспубликалық «Қазақстан пионері» газетінде жарық көрді. Ал 1971 жылы 1қаңтарда Жәнібек аудандық «Октябрь туы» газетінде тұңғыш мақаласы жарияландыжәне сол жылдан бастап, аталған басылымның штаттан тыс тілшісі, 1978 жылғы мамыр айынан тілшісі, 1982-1993жылдары бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. {mospagebreak}1976-1978, 1993 жылдың тамызынан2000 жылдың тамызына дейін Жәнібек ауданындағы Т. Жароков атындағы және №1 ортамектептерде мұғалім, 2000 жылдың тамызынан 2003 жылдың 25 қыркүйегінедейін Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы педколледжде оқытушылық қызметатқарды. 2003-тің қыркүйегінен-2006 жылдың 20 наурызына дейін «Жайық Пресс»ЖШС-ында, соның ішінде салалық «Жайық ардагері» газетінің 2005 жылдың 1қаңтарынан редакторы болды. 2006 жылдың 20 наурызынан 2009 жылдың мамырынадейін облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінде тілші, өткен жылдыңмамырынан 2010 жылдың маусымына дейін экономика бөлімінің меңгерушісі, қазірқоғамдық-саяси бөлімнің тілшісі ретінде жұмыс істеп келеді. Жиырмаға жуықәңгіме, мөлтек әңгіме, отыздан астам хикая мен сан алуан тақырыптағы көсемсөзмақалалардың авторы. 1986 жылдан Кеңес Одағы, 2007 жылдан Қазақстан ЖурналистерОдағының мүшесі. Шығармашылық қызметінің басты бағыттары-ұлт мүддесі, руханият,өнер, мәдениет, экономика және қазақ, әлем тарихы. 2010 жылдың маусымында«Ізгілік» атты алғашқы кітабы жарық көрді.