ВЕРНУТЬСЯ

Өлеңді мен жазамын шанда-шанда...Онда да қыста келер анда-санда.Қар жауса – тазарады жан жүрегім...Сондайда деймін: «Шабыт, самға, самға!..» Өлеңнің сан қиясын шарласам да –Сөз табам қабырғамды қармасам да!..Келмейді жұлығымнан Шөмішбайлар* -Абайдың аңғарына бармасам да!.. «Үздірмей – сөздің көшін жалғасам ба?..» -Десем де – батып қалам жазда шаңға!..Қап бәлем, жапалақтап қар жауып тұр –Өлеңнен бар «өшімді» алмасам ба!..                                                   Қаңтар -2007___________________________________Шөмішбай*- белгілі эстрада ақыны Ш.Сариев.