ВЕРНУТЬСЯ

     Қайран менің жүрегім, шамшырағым,

Сені сүйген сан батыр, әнші, ғалым.

Ғани болып сөйледік мінбелерден,

Қарсыбай боп окопта қансырадым.

Отан үшін кетсек те қаза болып,

Қалды біздің арымыз таза болып.

Мәншүк болып жауларды жек көрдік біз,

Паровозда өртендік Лазо болып.

Окоптарда жаттық біз сырды ақтарып,

Тауыса алмайды біз жайлы жырлап халық.

Корчагин боп жандық біз жұлдыз болып,

Зоя болып жауларға тіл қатпадық.

Ағарған ба шаштарың, сабырлы анам,

Таппағасын біз жатқан қабірді ағам.

Аттанарда түскен ек суретке біз,

Қарап тұрмыз жап-жас боп қабырғадан...

1978 ж.