ВЕРНУТЬСЯ

       Бір тонна болатты қорытуға төрт текше метр немесе  тонна су жұмсалады екен. Ал жылма-жыл
миллиондаған тонна болат және шойын қорытылатынын ескерсек, соған қаншама су
кететінін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ал судың шығыны уақыт өткен сайын
көбеймесе, тіпті де азаяр емес.

Көршілес Ресейдің Ғылым Академиясы су мәселелері
институтының директоры Виктор Даниловтың айтуынша, 2025 жылы бүкіләлемдік су
дағдарысы басталады. Сол кезде тек 4 ел ғана өзін-өзі осынау бір тіршілік
қайнарымен қамтамасыз ете алмақ. Олар: Аустралия, Бразилия, Ресей, Канада. Ал
сол елдегі Мемлекеттік Думаның төрағасы Борис Грызловтың пікіріне құлақ түрсек,
тіпті бар су қорының өзіне күмәнмен қарауға тура келеді. Өйткені бүгінгі
Ресейдегі тұщы судың 50 пайызы қандай ма болсын санитарлық-гигиеналық
талаптарға сай емес. Соның ішіндегі 15 пайызы мүлдем улы екен. Шөлмекке
құйылған, газы бар немесе газсыз судың да кәусардай тазалығына Грызлов аса
күмәнді.  Себебі оның төңірегінде де
құйтырқылықтар  көп. Өйткені аталған
дайын өнімнің елу пайызына дейін жалған (фальшивка) екен....