ВЕРНУТЬСЯ

Тұяғы кем кәрі аттаймын-Тастақ жерді жаратпаймын... Құмда ойнаған баладай-ақ-Жүргім келеді жалаңаяқ... Көсік-жуа дәмін алып,Құмаршықтың дәнін алып, Батпалармен* жымыңдасып,Сары селеумен сыбырласып, Ата-бабам ізін басып,Туған жердің құмын басып- Тұщықұдық барғым келді,Құшағыма алғым келді!.. Бұл мекенде – жалындағанҚарт Сәттіғұл дамылдаған..._____________________Батпа*- құм жәндігі.Ізтұрғаным*- қақпан белім,Мамық болсын жатқан жерің!.. Ұясынан шетте жүрген,Қартайғанша текке жүрген, Сені іздеген балаң едім-Денсаулыққа алаң едім... Сынық мүйіз серкедейін-Сүйкенейін, еркелейін!.. Алтын құмға үйір күнім,Оралсаңшы, құйын – күнім!.. Шығарсаңшы «күшті» қылып,Өзің емде, Тұщықұдық!..                         Қазан -2008_________________________________________Ізтұрған*-ақынның досы, сатирик-жазушы І.Ахмет.