ВЕРНУТЬСЯ

       Тың және тыңайған жерлерді игеру-қазақ даласының да келбетін
өзгертті. Біріншіден, елімізде кепілді түрде астық өсіру мен өндірудің
алғышарттары жасалып, берік негізі қаланды. Екіншіден, тың игерілген аймақта
жаңа кеңшарлар пайда болып, еңбекке тың көз қарас пен ұстаным орнықты.
Үшіншіден, тың игеру  бұрыннан болса да,
өсіп-өркендей қоймаған Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және тағы басқа қалалардың
санаулы жылдар ішінде көлемінің ұлғайып, халқының көбеюіне сеп болды. Төртіншіден,
Кәмшат Дөненбаева, Нат алья Геллерт, өзге талай еңбек ерлерінің елге
танылып,  көп көзіне түсуіне жол ашты.
Бұдан басқа, әр адамның басына шаққанда Қазақстанда  жылына 2 тонна астық өндіруге мүмк індік
берді. Басқа республикаларды қайдам, әйтеуір, елімізде нан мәселесі түбегейлі
шешімін тапты.