ВЕРНУТЬСЯ

Аспанын қаңғырлатып –Сәуір тұр жаңбырлатып.Кемпірім бүкеңдейді –Шелегін шалдырлатып... Балалар – ойынқұмарШапқылап, тойын қылар!..Жағаны көтереді –Шоңжелке – мойындылар... Көгім бар – шүленсіген,Жер- Анам күреңсіген...Ит біткен үй айналып –Қағады сүмең-сүмең... Сайлардан құламалы-Жұлқынып су ағады...Сілкініп бұтақтары –Қарағаш жұбанады. Ақ жаңбыр – қара жаңбыр...Жанымды аралап жүр!..Ыс басқан жүрегімді –Нұрымен тазалап жүр!..Дегенде: «Үзілді үміт!»-Тұр, міне, жуындырып!..Ішімде еріп жатыр –Сұп-суы мұзым күліп!.. Пәлен күн төніп-төніп,Құйды да төгіп-төгіп...Шаршаған тамшыларым-Барады сөніп-сөніп... От сиреп бұлт ішінде –Айналды бүркісінге...Тіршілік шөлін басқанАспаным нұр-пішінде!.. Түтілген жабағы – бұлтСалмайды ала бүлік...Керіліп кемпірқосақ –Басқұрын қалады іліп!.. Табиғат оянарсың –Сұлудай боянарсың!..Менің де өлеңімнің –Құмайы қоян алсын!.. Тіршілік, түрленерсің!..Өлгендер – гүлдеп өлсін!..Бер, жаңбыр, күнге кезек –Шілдеде бір келерсің!...                                 Сәуір – 2007