Ерлік пен елдік өзегі -
Қабанбай, Әсет сөзі еді...
Көп тағдыр бастан кешірген
Көненің тірі көзі
еді.
Ақыл мен сабыр ісі еді,
Жоқ еді күйіп-пісері.
Қанағат, тәуба - қашанда,
Қарапайым кісі еді.
Жарығы сөніп төтеннен,
Жалғаннан бетін бұрғандай.
Еркелігімізді көтерген
Ер асыл өтті - Құрманбай!
Биікке дәйім
өрлеген,
Билік те қумай, бұлданбай...
Алыстап көңілі көрмеген
Жақыным өтті - Құрманбай!
Студент бала шақтардан
Сұхбаттас
жүрдік сыр қалмай.
Ертегі, өлең ақтарған
Ақыным өтті - Құрманбай!
Еске алам енді егіле,
Ұлы адам
еді нұр маңдай.
Кеудесі тарих, шежіре,
Ғұламам
өтті - Құрманбай!
Қадірі артар халқына-ай,
Сабыр қыл, көңіл, сұрланбай.
Жәннатта нұры
шалқығай,
Жақсы адам өтті - Құрманбай!
- 109 просмотров