ВЕРНУТЬСЯ

   Жаз
кеші... Таудың етегі...

Беткейдің
бәрі шалғын мол.

Қыр
жақтан дауыс жетеді,

созылып
өрге тарғыл жол.

Сыбызғы
кештер... Бала күн...

Келеді
қайдан құлаққа.

Желіндей
Қара даланың

сыңсиды
бір саз жырақта.

Күбірлеп
ойдың құрағы,

сұңқ етіп байғыз жылайды.

Қытықтап
үні жыраны,

еңіске
бұлақ құлайды.

Көктегі
Айдың көзі - мұң,

қиығын
маған бұрғандай.

Алай
да дүлей сезімім,

жұлмалап мені тұрғандай.

Жаз
кеші... Таудың етегі...

Беткейдің
бәрі шалғын мол.

Диірменнің
үні жетеді,

бұлғайды қолын тарғыл жол.

Қыркүйек,
1966 ж.