ВЕРНУТЬСЯ

Ойда жоқта кезіктірдім,Күлкіңмен-ақ еліктірдің.Алма ағаштың саясындаБауырыма еніп тұрдың... Сүп-сүйкімді, аппақ едің,Құшағыма шап-шақ едің...Алма ағашқа шық түскенде –Өзің іздеп тапқан едің!.. Таудың қызы ерте пісер,Қос алмасы тең тебісер!..Құрбы көңілін қалдырмайын,Өкпелесе – емшегі ісер!.. Түкпірінде алма бақтыңЕрініңнен бал жалаттың...Шықтасылға* шара бар ма?..Не болғанын аңдамаппын!.. Қызыл апорт – піскен алма,Томпыл қағып түскен алма...Өзің келіп ұрынған қыз,Ерінімді тістеп алма!..                                    1967 ж.________________________________Шықтасыл* - «орны толмайтын, қайтпайтын шығын» деген мағынада.