ВЕРНУТЬСЯ

         Бүгінде облыстық белді мекеменің басшысы Н. сонау 70-80
жылдары өзінің өскен жері-Жәнібек ауданында дәрігер болып еңбек етті. Өз ісінің
білгірі, сезімтал Нөкең сөзге шешен, аузынан әзілі, езуінен күлкісі кетпейтін
жан. Талай қалжың сөздерді өзі де ойдан шығарып, айта береді. Рас, төмендегі
оқиға қияли сезімнен тумаса керек...

Жәнібекте жүргенде, оны сол кезде лауазымды қызметте істеген
Арыстан есімді азаматпен жиі шатастырған . Екеуінің сыртқы түрі сірә,
бір-біріне ұқсас болған сыңайлы. Сонымен бір күні ол құзырлы мекемеде іс
қағаздарымен айналысып отырыпты. Кенеттен сырттан жасы үлкен біреу ентігіп
жетіп келген де, амандық-саулық жоқ, 
дүрсе қоя беріпті: - Шырағым, Арыстанбысың?-

Ресми қағаздардан мезі болып шаршаған әрі келушінің
әңгүдіктігіне қырсығып қалған ағамыз жұлып алғандай:-Жоқ, Жолбарыспын!-деп,
жауап қайтарған.

Келген кісі оған бажырая бір қарап, ләм-лим деместен, теріс бұрылып,
жүре беріпті.