ВЕРНУТЬСЯ

   «Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» деген сөздің жаны
бар. Арқаны мекендейтін ел, «жөргем» деп тоқішектің ет пен шажырқай қосып
өрмелеген түрін айтады. Ал Жетісу өңіріндегі қазақтар өкпені бір елідей ғып
жіңішкелеп іліп шығады да, ішек сияқты өреді. Мұны олар «жөргем» дейді. Бір
ғажабы, тоқ ішек те, өкпе де қонақтың табағына салынбайды. Балқаш бойындағы
қазақтар ертеде қыстаудан жайлауға көшкенде қыстаудың төбесін жапқан бастырма
ағашқа жөргемді іліп кетеді екен. Өзегі талған жолаушы осы жөргемді талғажау
еткен. Мұндай үрдіс Сібірдегі жергілікті халықтардың да тұрмыс-салтында
кездеседі.