ВЕРНУТЬСЯ

   Мен
жоқта желменен сырласпа,

жүрегім
желді күн жылаған.

Жазбақ
боп тумысы жыр басқа,

жаза
алмай жастыққа құлағам.

Айтатын
арман көп әлі де,

Сен
жәйлі бұл жырым - бастама;

бастама
сөзімнің бәрі де,

басылар
күні ертең баспаға.

Айтамын
бір сөзді қиылып:

«Жанымда сен
еккен жаз қалсын.

О,
Ана! Кеудемнің күйін ұк,

сол
күймен жүректер маздансын!..»

Сол
күймен саналар оянсын,

толқысын
аппақ Ай төбемде;

омырау
жаспенен боялсын,

тіл
бітсін қарағай, еменге.

Мен
жоқта желменен сырласпа,

мен
саған желсіз де жетемін.

Жазылар
көп әлі жыр басқа,

тербетер
тауымның шетенін.

Мен
саған желсіз де жетемін.

Қазан, 1965жыл.