ВЕРНУТЬСЯ

       Атлантида!

«...Па, шіркін, арман, неткен!»

Күлесің, ә, кекетіп салған беттен.

Ал мен ылғи баратын сұлу шаһар

Қаскелең ғой деп пе едің, Талғар деп

Сұм
дүниеден әртүрлі жәйтті көріп,

Платон шал өтірік айтты делік.

Шалда менің шаруам не?

Ол қала - бар!

Түнде ғана есігін қайттым өбіп.

Қайран ару - жібімесе шер-шеменім,

Су перідей мүсінін көрсең оның.

Жер бетінде ондай қыз болмақ емес,

Атлантида қызы еді ол - мен сенемін.

«Атлантида, зілзала, заманақыр»,

Жоқ, болмаған» дегенге бара ма тіл?

Болмақ түгіл, бір күні су астынан

Қайта қалқып шығады ол -қара да тұр!