ВЕРНУТЬСЯ

          (Экологиялық өлең)                                      Жайықты келіп алғаны –                                      Жағаға қолды салғаны!..»                                                                   Мұрат МӨҢКЕҰЛЫ.Каспийім – суымды алды...Жүрегім – жырымдалды!..Теңізім - өкпем еді...Тынысым – тығындалды!.. Мұнара – нөпір еді...Өгіздей өкіреді!..Суымды былағайлап –Езуі көпіреді!..Көпіріп, жын шашады –Лоқытып, у шашады!..Балықтың демі құрып –Тыпырлап су шашады!.. «Қарама бетіме!» - деп,«Өзі өлген бекіре!» - деп...Теңізден әлдебіреуЫржияр кекірелеп!.. Жағаға – көлік келді...Біреулер төгіп терді –Сүйрелеп шетке қарай,Өртеп жүр өліктерді!.. Теңізім – тынымды алды...Қанша жыл – күнің қалды?!.Дүңкиген өлі итбалық –Жағада мұңым қалды!..Айдыным – тұл көрінді...Қабағың – зіл көрінді...Аққуым сынық қанат –Сүйрей тұр сүлдеріңді!.. Көз жазып егізіңнен –Айрылсаң теңізіңнен...Маңғыстау, Сен қаларсың –Балықтай демі үзілген!.. Каспийің тулап-толып –Жатар ең бұлдап көрік!..Бір күні қалармысыңТақырда – тулақ болып!.. Маңғыстау – қайран анам!..Бақытың тайған анам!..... Бұл жерге неге келдім?..Кеткенде – қайда барам?!.                         Маусым – 2007