ВЕРНУТЬСЯ

(Қалбай Әбдіраманға) Әй, құрдас, ақын құрдас, Қалбай, Қалбай!..Қазақтан шетте жүрдің шалғай-шалғай.Көп көріп өнеріңді қарақалпақ –Жеткенсің Маңғыстауға зарлай-зарлай!.. Ақын бар бұл қазақта жүз бәленбай!..Өлеңін – соның көбі жүр баға алмай!..Төлеген, Мұқағали көзіндейсің –Отырам қазынаңа мін таға алмай!.. Жыр жазсаң – «қазағым» деп емірендің,Теңіздей тербетілдің, тебірендің!..Ішінде жүз ақынның – сазы бөлек!..Құрдасым – арыстанжал, сені көрдім!.. Жүрмейсің жиындарда өсіп-бөсіп,Қулықсыз қарағымсың ашық-тесік!..Лақтырып отырғаның жүрегіңді –Отына өлең- жырдың кесіп-кесіп!.. Жалғанның қызылына қызықпадың –Жұқардың асыл сөздің тізіп дәнін...Кетпесең жарар еді дәруіш боп –Тастадың былайғының сызып бәрін!.. Алтыным – келе жатқан бағаланбай!..Бақ қонды пысықтарға – саған аумай!..Қоясың ыңыранып анда-санда –Қан толған көздеріне жаралы аңдай!..                             Ақпан – 2007