ВЕРНУТЬСЯ

       Бірінші өлең

      Керек емес «Кәләм-Шәриф», «Інжілің»,

Жұмысым
жоқ «Забурыңда», «Тәуретте».

Мен айқаста қақ айрылған гүрзімін,

Қайта тағы көтермек боп әуре етпе.

Таусылар дем жұлдыз
ауа төбеден,

Таусылар дем келді күн.

Жазушылармен, абыздармен көреген

Сүхбат құрар сен боласың енді, ұлым.

Керек емес тісті бақай билер де,

Паңшікеш хан өзі келсін, шақырма.

Мен бөрі боп жау шетіне тигенде,

Ерттей алмай жатқан еді атын да.

Сен жылама «ой, бауырымдап» келгенде ол,

Шын қайғырар адамдарың аз мұнда.

Қашап берер сығанақтық зергерлер

Құлпытасқа
ештеңе де жаздырма.

Қатар ұста
қайсарлық пен төзімді,

Кім кешірер шынтуайтта ер өзін?!

Құлпытасқа
жазба ештеңе,

Өзімді

Жүрегіне жазғам елдің мен - Өзім!

      Екінші өлең

      Алкалы түмен, ауыр қол,

Жүре біл жау жақ бетінде.

Теңізден соққан әуір бол

Таңдайы кепкен жетімге!

Түсесің бір күн сабаңа

Шайқауыменен тағдырдың.

Беліңнен шыққан балаңа

Мұра ғып
нені қалдырдың?

Тайпала желген жорға бар,

Тастаққа
салса, тұяғы кетілер мүжіліп.

Сары ала деңмент - ол қалар,

Тозығы жетсе, тоғасынан үзіліп.

Қаршыға салып, ат шауып,

Одан да бір күн зерігер.

Көбесі берік көк сауыт,

Көк сүңгі тисе, көкірекпен қоса сөгілер.

Қылпылдап келер тамаққа

Қылышты беру - іс емес.

Дұрысы,
ана қыл тұзағыңды тарат та,

Қобызға тағар ішек ес!