ВЕРНУТЬСЯ

      Болмаңыз, тегі, шүбәлі

Келесі жалын ғасырда

Ескерткіш тақтам тұрады

Осы үйдің қабырғасында.

Шулайды көктем бақта ана,

Төңірек әнге тұнып
бар.

Қарайды кёліп тақтаға

Болашақ алматылықтар.

Ақындар, айхай, жыр оқып,

Ару қыз келіп гүл қадап,

Нәп-нөзік қолын, дір етіп,

Алады тартып жылдам-ақ.

Өтеді тобыр топтаса,

Кетеді ару алаңдай,

Енді бір сотке тоқтаса,

Тас ақын ұстап калардай.

Тақтаны
халқым аз көріп,

Тірісің әлі сен дейді.

Мен тұрам шетте мәз болып,

Мені ешкім бірақ көрмейді.

Мен жазған ескі
өлеңді

Жаңа ұрпақ мынау
жаттаған.

Тіріде естімегенді

Өлген соң естіп, шаттанам.

Сытылып қалып тобырдан,

Келемін сосын бөліне.

- Сақтай гөр, -
деймін, - соғылған,

Ұлысың дей ме-ей сені де!

Тез тарап кетерін білем

Бұл сөздің
енді жалпыға.

Ұлы емес екенімді мен

Айтамын қалай халқыма?

Ұлы емес едім мен деймін,

Өзімізді өзім
ақтай кеп.

Өзімді тағы жерлеймін:

«Өлген соң тыныш жатпай...» деп.

«Ұлысың, - дейді ел, - шын ғажап,

Туғызған сені жұрт ұлы».

Сендірмей қоймас бұл қазақ.

- Иә, рас, -
деймін бір күні.

Содан соң көптен бөліне,

Лақатымды аша лекерлеп,

Жатамын кіріп керіме,

Ә, енді елген екем деп.

Бақ құсы
емес алыстан жеткен дара,

Қайғы да емес қаяулы.

Көктем биыл кәдімгі көктем ғана,

Баянсыз һәм аяулы.

Есі ауысқан дер, бәлкім, күлсем бұл ел,

Әй, қорлық-ақ, қорлық-ақ.

Бір өтірік іздейсің шын сендірер,

Табылмайды ол бірақ.

О, қайран жиырма бес,

Tap арнада тасқан сең.

Өлең жазу қызық та, қиын да емес,

Жас отыздан асқан соң.

Ал айтайын, тұрса
шын білгіңіз кеп,

Алға сүйреп арбаған

Өтірігімді жоғалтып, жүрмін іздеп,

He көмегің бар маған?